Қай кезде қайда жүрсем де – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қай кезде қайда жүрсем де» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1725
Қай кезде қайда жүрсем де,
Думаңды топқа кірсем де,
Тыпыршып мазам кетеді,
Бар ойым болып бір сенде.
Шешендер есіп сөйлеген,
Жатса да қызып той деген,
Өзіңе қашаң жетем деп,
Отырам он-сан ойменен.
Болса да жиын келелі,
Шамалы маған керегі.
Сытылып шығып, әйтеуір,
Өзіңе жеткім келеді.
Өзіңсіз орта қараңғы-ақ,
Отырам дәйім алаңдап.
Өзіңе қарай ұшамың,
Сытылып шығып амалдап.
Қасыңа жетіп жылынам,
Қасыңа жетіп тынығам.
Басымды қояр саждаға
Өзіңсің екен құбылам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қай кезде қайда жүрсем де өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қай кезде қайда жүрсем де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қай кезде қайда жүрсем де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қай кезде қайда жүрсем де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері