Қалжың

Бұл бетте «Қалжың» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 879
Сені кеттім сағынып (бірақ қалжың),
Ойлап жүрмін сабылып (бірақ қалжың)
Құс жастық қып қалжыңды жастанып ап,
Ептеп-ептеп ақырын сыр ақтардың.

Сені көрдім түсімде (бірақ қалжың)
Сенсің жақын кісім де (бірақ қалжың!).
Бас жағына сөзіңнің қанаттанып,
Қалжың деген сөзді естіп құлап қалдым!

Аса алмаймын әдептен, іркілемін,
(Жел тербеген қайыңдай сыршыл едім).
Жылы тиер жүрекке сөзден қашып,
Қалжың айтса біреулер күрсінемін.

Итарқасын тікті әкеп көшпенді мұң,
Хабар күттім құстардан көктемгі күн.
Рас деші бұрынғы айтқандарым,
Қалжың деші ұмытып кеткендігім.
Өтінем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалжың өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қалжың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалжың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалжың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері