Қазан айы – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қазан айы» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2850
Сағағына ілінген өмір семген,
Көз үйреніп күзге де,көңіл сенген.
Арша менен Шыршаның жайы бөлек,
Тасты жарып шыққан соң, өміршең бе ең?!

Қайтқан құсқа сыңсыған, "сабыр";десіп,
"Осы жерден көктемде табыл"десіп.
Тас төбеңнен сағыныш төгілгенде,
Бақтың ішін кезсең бір,сағым кешіп.

Жез бен Алтын, бұл шақтың туысы ма?
Қазан-жылдың көл-көсір ырысы ма?
Құшағыма сыймаған қуаныштай,
Төгіледі жемістер; уысыма...

Күн-бағбан,бұл шақты тұрған баптап,
Бұрынғыдан жүрісін жылдамдатпақ.
"Сұғанақ қыс; сұқ қолын малмасын" деп,
Жауып қойдым "Қазанға" жырдан қақпақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазан айы өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қазан айы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазан айы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазан айы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері