Сөз аулаған күн – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сөз аулаған күн» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 570
Қадалдым неге жалғыз нүктеге,
Сүңгі-мұз кірпік… көз жаурап?
Үйлесім таппай мынау тірліктен,
Кеңістікте ұшқан Сөзді аулап.

Шақшадай баста –
зымыран ойлар!..
Табаным жерді мекендеп.
Тізбегін сөздің аңдумен өттім,
«Тұсымнан қашан өтер?» деп…

Сан соқтырады сиқыр Сөз-әлем,
Аңғал жандарға тек біздей.
Жалған сәулеге көз байланғанда,
Өтті де кетті жеткізбей.

Көлдің бетінен сұлулық іздеп,
Айды да көктен қызықтап.
Қосмекенді өмір кешкеннен соң ба,
Алаң-салаңмын ұмытшақ.

Жүректі шарпыр сезімдерім көп,
Жай таппас жыр боп тынғанша.
Сиқырлы Сөзді зарыға күтіп,
Құсұйқы болған түн қанша?!

Шаттыққа шомам Сөз аулаған күн,
Бөліспей қалай іркемін?!
Кестелі жырмен
Жылаған жүрек
Көз жасын еппен сүртемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз аулаған күн өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сөз аулаған күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөз аулаған күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз аулаған күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері