Таулар таулар – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Таулар таулар» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 964
Бергі таулар менің биік талғамым,
Жетпегендер шайнайтұғын бармағын.
Жеткізбеймін қол жетім жер тұрсам да,
Өткізбейтін ағысы бар арнамын.

Таудан төмен құлап жатқан белестер,
Сағым болып артта қалған елестер.
Менің мұңлы шақтарымдай монтиып,
Ойға батып жатып қалған дөңестер.

Таудан ары шөгіп жатқан тұмандар,
Арылмайтын күдік пенен күмәндар.
Алып шығып көп күдіктің ішінен,
Мені алға жетелейтін бір ән бар.

Арғы таулар жеткізбеген арманым,
Жетемін деп құлашымды қармадым.
Ақша бұлттың құшағында қап қойған,
Арғы тауға тек жырымды арнадым.

Көрінбейді биік таудың төбесі,
Елжіресе сөгіледі көбесі.
Ешкімменен шаруасы жоқ сол тауға,
Жұрттың бәрі көз тігеді неге осы?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таулар таулар өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Таулар таулар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таулар таулар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таулар таулар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері