Қызыма

Бұл бетте «Қызыма» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2176
Ұйқыға тәтті бөленген шағың,
Ғажайып елес,гүл сағым.
Ұлпадан нәзік мұздаса тәнің,
Мейірімменен жылытамын.

Сен үшін мәңгі жүрегім жасыл,
Жапырағындай шыршаның,
Базарды кездім бөлейтін сені,
Матаның іздеп жұмсағын.

Балапан сынды талпыншы тағы,
Көңілім көлдей тасысын,
Күлкіңнен сенің қасіретімнің,
Жігері сынып жасысын.

Қарашығыңа қарасам болды,
Іздемен тастың жаһұтын,
Тағдырым маған тарту етіпті,
Періште бағу бақытын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыма өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қызыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері