Күз дегенің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Күз дегенің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1000
Жерге түскен жемістер, солған гүлім.
Айтып жатыр,бір мезгіл болғандығын.
Көңілшектеу жапырақ тез сарғайып,
Сабырлысы сездірмес тоңғандығын.

Жиі-жиі бұлт бізге жуықтайды.
Көлге бала жүзуге құнықпайды.
Жылтыр сөзі секілді кейбіреудің,
Көрінгенмен күн көзі,жылытпайды.

Сағынышты есіңе сала жүрер,
Сарғаюдың азабын дала білер.
Жәндік біткен тығылад жер қойнына,
Қайтқан құс пен қалған құс-бәрі әбігер....

Мезгіл осы дыбысын білдірмеген,
Одан ешкім қашуға үлгермеген.
Күз - солғындау бояудың жиынтығы,
Күз дегенің - шертпе күй, күмбірлеген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз дегенің өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Күз дегенің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз дегенің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз дегенің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері