Күмəнім жоқ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Күмəнім жоқ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1159
Күмəнім жоқ –
Асады күнə бастан!
Кімді көрдің Құдайға құлақ асқан?
Өзегіме өрімтал құрт түскелі
Өзіме-өзім келемін ұнамастан.
Өзімді-өзім тап басып, танығалы
Қамкөңілім Қараспан жамылады.
Жаратқанның алдында жазған басым
Қашан, қай күн ағынан жарылады?
Жанды жегі,
Кеулейді ішімді ірің.
Ұясынан үркітті құсымды кім?
Жұртта қалған немедей жұтқа ұшырап,
Қыңсылайды кеудемде қысыр мұңым.
Жұмбақ арман жылатқан жесірдеймін,
Құмда қалған керуеннің көшіндеймін.
Жаратқанның дауа іздеп дəргейінен
Қай күнəмді кеш деймін, кешір деймін?
Күнəм қалың,
Титтей де күмəнім жоқ!
Жайлап алған ішімді ылаң, індет!
Көк жүзіне көз сүзіп, телміремін
Жаратқаннан кешірім сұрағым кеп…
Сатып алған аурудан кім айықты?
Өзімді-өзім жек көрсем, кім айыпты?
Қара басын хан қылған қайманаға
Қандай жаза, Құдай-ау, ылайықты?
Күмəнім жоқ –
Асады күнə бастан!
Кімді көрдің Құдайға құлақ асқан?
…Жаратқанның көзіндей,
қайда барсам,
Кірпік қақпай, міз бақпай тұрады аспан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күмəнім жоқ өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Күмəнім жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күмəнім жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күмəнім жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері