Құмырсқа бел, қаз омырау – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Құмырсқа бел, қаз омырау» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1493
Құмырсқа бел, қаз омырау,
Аққу мойын, алма бет қыз,
Жарқылдаған жаз едің-ау
Жана жаздап қалған ек біз.
Көз алдымда жайнап тұрған
Қызықтырып бар бітімің.
Әншейінде сайрап тұрған,
Байланды да қалды тілім.
Ұқсап аққу қанатына
Жарқылдап қап ақ білегің,
Көздің жауын ала тура
Татпай кеткен тәттім едің.
Солқылдаған тал мүсінге,
Таңырқаумен тоқтап еді.
Қаншама сыр қалды ішімде,
Түсіндің бе, жоқ па мені?!

1997 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмырсқа бел, қаз омырау өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Құмырсқа бел, қаз омырау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмырсқа бел, қаз омырау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмырсқа бел, қаз омырау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері