Ақ шағалам – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ақ шағалам» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 709
Ақ шағалам!
өзің барда болып па ем басқаға алаң,
Өзің барда, апыр-ау, көзге іліп пе ем,
аяғымның астында жатса ғалам!
Теңіз едім —
сен барда —
айдыны кең,
тартылуды біліп ем қай күні мен,
Жайбарақат жайылып жатпаушы ма ем
маужыраған даладай май гүлімен.
Өзің барда — сарыны бөлек ескен,
сарқылуды білмейтін көл емес пе ем.
Жатпаушы ма ем, жарқылдап сен жүргенде,
жалғаныңның жартысын елеместен.
Құшағыңды дауылға, жауынға ашып,
күзде қайтып кетіп ең тауыңды асып.
Қалып қойдың, апыр-ау, қай жақтарда
Қай жақтардың көліне бауыр басып?!
Біле де алмай болғанын нелер бөгет,
көктем сайын көңіл де елеңдемек.
Омырауы жарқылдап Ақ шағалам,
Ақ шағалам қайта ұшып келер ме деп!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ шағалам өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ақ шағалам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ шағалам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ шағалам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері