Қалдарбекке мадақ жыр – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қалдарбекке мадақ жыр» атты Сәкен Иманасов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.06.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Сал да сен,
сері де сен,
серке де сен,
жал да сен,
жая да сен,
желке де сен.
Әрі асып алты алаштан абыройың,
бойыңа жарасып тұр еркелесең.
Шенді де,
шекпені де,
шешен де сен,
кім қарсы нөсерлесең,
өсем десең,
Бір сырлы, сегіз қырлы жігіт болып,
танылып болған едің осы елге сен!
Топ бастар төре де сен,
төрде – көсем,
алдынды Ақжайықтан кем демес ем,
«Ақылы көл-дария,
көңілі көктем
кемеңгер досым бар!» – деп мен де бөсем.
Тартпаған бойы аласа, –
ойы бәсең,
кескекті кесек ердің сойы да сен.
Аспаннан мың бір пәле жаусадағы
қадірлер халқың барда
мойыма сен!
Қарсы алар қайда барсаң жұрт елеңдеп,
сен кірер ақсарайлар күркеден көп,
ысырып кедергіні иығыңмен,
көрмедің биігіңнен бір төмендеп.
Сыйлысың балаға да,
нар ағаға,
күйлісің қалаға да,
далаға да,
«Қадірлі Қалдарбек!» – деп қарсы алады.
қай елді,
қанша жерді аралама.
Көл де сен,
Көлде жүзер кеме де сен.
(көлшікті мен өзім де елемес ем),
Самғай бер биігінде, қадірлі дос,
біз үшін керексің Сен неге десең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалдарбекке мадақ жыр өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қалдарбекке мадақ жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалдарбекке мадақ жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қалдарбекке мадақ жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері