Шыбық аттан – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Шыбық аттан» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 2
  • 3219
Тұрды әлем нәрестенің тыңдап әнін,
Сәбилік бесігінде "іңгәладым".
Еңбектеп, одан кейін жар жағалап,
Төсінде тәй-тәй тұрдым бұл даланың.
Қайда да қарсы алдымнан шығып ақ таң,
Болған жоқ дұшпаным да бұғып атқан.
Өмірдің өзі ұсынды әліппені,
Ақырын аударып aп шыбық аттан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Аида

Оте жақсы

Алинура

Маған қатты ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері