Мына күндер жақындатты өзіңді –
Динара Мәлікова
Бұл бетте «Мына күндер жақындатты өзіңді» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мына күндер жақындатты өзіңді,
Түн кірпігі сағынумен көз ілді.
Аңсарымдай саған жетіп жығылған,
Аспан жақтан бір түйір гүл үзілді.
Жерге жетпей кеудеме кеп құлады,
Бұл жүректің сезім екен сыңары.
Қауызында мөлдірейді есімің,
Өзің жайлы сырлар айтып тұрады.
Хат та жазбай камыктырып жүресің,
Нендей күйді сабырыңа бүгесің?
Ой түбіне алған мәңгі қондырып,
Сені бір қыз сүйетінін білесің.
«Жаным» десең жылытады тағдырым,
Сен жайында ұмытамын барлығын.
«Жаным» десең жабырқамай жүре алам,
Жанарыма құйып алып таң нұрын...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі