Телефоның өшірулі, кім үшін?
Бұл бетте «Телефоның өшірулі, кім үшін?» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Телефоның өшірулі, кім үшін?
Ойларымның өрнегінен жаңылдым.
Жүрегімнің ішіндесің, тірісің,
сақтап жүрмін, сабырлым.
Ақ шәлі мұң сыйлап кетті елесің,
Күндерімнің жанарына үңілмей.
Неге мені зарықтыра бересің,
жалықтырып жібермей...
Көктем болып жетер деп ем өлеңім,
Қиял шіркін, қыр астында күліп тұр.
Жүрегімді көтере алмай келемін,
...мықты болсаң ұмыттыр!
Қайтем енді жазылған сол маңдайға,
Сүйегіме сіңіп кеткен сырым ең...
Қабағыңа бір тамшы мұң қонбай ма,
...сүймейсің бе, шынымен?
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі