Көріктім, көптен бері көрінбеген – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көріктім, көптен бері көрінбеген» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 926
Көріктім, көптен бері көрінбеген,
жүрсем де қойып кеткен жерінде мен,
ақ тамақ,
қабағыңды,
қасынды да,
сағындым шашыңды да өрілмеген.
Арайлым, айлар бойы жолықпаған,
көңілге, қарап тұрсам, толыпты алаң,
қадірің күннен-күнге арта түсіп,
мен сені көп аңсайтын болып барам...
Ақ қайың сияқтанып сида біткен,
қиыла қараушы едің ибалықпен,—
Сағынып көздеріңді,
сөз...
деміңді
мен бұрын осылайша қиналып па ем!
Жүрсең де мың құштырып,
жүз өптіріп,
жүзіңнен үзілмейтін ізеттілік,
Қызара қалатының есімде әлі,
шашыңды теріс қарап түзеп тұрып.
Ұяңым,
инабатты
ұялшағым,
мен сені осы күндер жиі аңсадым,
түсімде ақ жүзіңді көрем бе деп.
сөндірмей жатам ұзақ қиял шамын.
Аяулы,
ақ дидарлы еркем менің,
көп болды көз алдымда өртенбедің,
демінде кете тұра бар сабырым,
менің де бітпей қойды-ау "ертеңдерім"
Арайлым,
айлар бойы жолықпаған,
көпіршіп көкірекке толыпты алаң,
Өзіңді күннен-күнге көп аңсайтын,
тек қана сені аңсайтын болып барам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көріктім, көптен бері көрінбеген өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көріктім, көптен бері көрінбеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көріктім, көптен бері көрінбеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көріктім, көптен бері көрінбеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері