Суретші – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Суретші» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Суретші Әбілқасым, Қасым, Қасым,
Көп жаман өсек айтып басынбасын.
Арындап шабатұғын жасыңдасың,
Қиналған сәтерімде қасымдасың.
Дүниені бірге кезген қос Қасым ек,
Қоқанда құшақтасып достасып ек.
Мұстафаның жолында қимай тұрып,
Алуан адамдармен қоштасып ек.
Мұстафа Шоқай ма ол – асыл адам,
Ертүрік бабасындай жасымаған.
Алыста тым алыста қалсадағы,
Сәулесі шыққан күндей шашыраған.
Суретші Әбілқасым, Әбекемсің,
Кей сәтте әуелеген ән екенсің.
Кей сәтте сәл мұңайып ойға батқан,
Ақ көңіл, өнерлі сен жан екенсің.
Бір Алла, кіміміз бар басқа қолдар,
Еліктіре алмайды басқа жолдар.
Қаптаған Қасымдардың бірі емеспіз,
Қалады артымызда қасқа жолдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Суретші өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Суретші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Суретші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Суретші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері