Іні – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Іні» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 791
Серікболға

Бойыма сіңбей асы басқаның,
арнама сыймай тасып, асқамын,
бұлттанып бір сәт көрмес дейтін ем
қашанда шәйдай ашық аспаным!
Атам мен анам ертеде көшкен
шықпай-ақ жүріп жертөлем естен,
еңіреп туған ермін деуші едім,
елім бар ғой еркелеп өскен.
Қаладағы дос, ауылдағы әулет
болар-ау деумен сауымда мәулет,
қаннен-қаперсіз жүре де беріппін,
ойыма да алмай жауым бар-ау деп.
Өзім қатарлы озып ем ерден,
көбейді күндес - көзі көгерген,
алдымды орап айлалылары —
қайдағылары кезіге берген.
Жардың астынан бақылап тағы,
күңкілдеп қойып ақымақтары,
жалтаң аға мен жалған достардың
қайсысы мені жатып атпады!
Үйреніп үрдіс, бар ғұрыпты елден,
жан едім түгел ән қылып келген,
Құдайым шығар жұрағат-жұрттың
пейілін де маған тар қылып берген!
Жағама жалған жалауын қадап,
жалықтырды елдің жадау ұлдары-ақ
саптыаяғына ас құйып тұрып,
сабынан өзі қарауыл қарап!
Бәрінен сені толымды көрем,
Толымды керіп, қолымды берем.
Кішілігің де айта жүрерлік,
Кісілігің де орынды дер ем!
Өмірің сенің күресте бүгін,
өзіңе тиген үлес те мығым.
Аман да жүрші, алпыс жасымда
артымнан менің ілескен інім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іні өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Іні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері