Аңырақай – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Аңырақай» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аңырақай – кешегі ел намысы,
Ел намысы, қалқаны, қорғанышы.
Құртпақ болған қазақты қас дұшпанның
Жатып алған жолында жолбарысы.

Қайырмасы:
Аңырақай – туған жер,
Халық белін буған жер,
Орман-тоғай, тау мен тасым, өзенім.
Аңырақай – таныс жер,
Аңырақай – намысты ер,
Кеудесімен қорғаған жер өз елін.
Аңырақай! Аңырақай!
Халқым белін буған жер,
Ата жауын қуған жер.

Көңілде нұр, бойында барда күші,
Жаудың бетін қайтарып, жанған ісі,
Аңырақай азаптың алдын кесу,
Аңырақай қазақтың ар-намысы!

Қайырмасы
«Аңырақай» деп жырлап тас та мына,
Ән қалықтап шығады аспаныма.
Қалай қорғау керегін туған елді
Аңырақай айтып тұр жастарыма.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңырақай өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Аңырақай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңырақай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңырақай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері