Бабадан қалған сөз мәні кеміп – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бабадан қалған сөз мәні кеміп» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Бабадан қалған сөз мәні кеміп,
бозінген көңіл боздады делік, —
айғайға мұңы араласқан ой
қай-қайдағыны қозғады келіп...
Дүниені біраз шайқаған дарын
есіне ала ма қайтадан бәрін, —
қайтара алмадым қарызды мен де,
арызымды елге айта да алмадым.
Күндізі құптап, түні ұмытпаған,
өз өміріме үңіліп те алам, —
дем беріп қойған тыңшы біткенге,
тіршіліктен де түңіліп барам.
Санамда жүрер сауығы мәңгі
сағынар кімнің ауылы қалды, —
жатқа қимайтын жақсының бәрі
жоңғардан бетер жауығып алды.
Шыр бітпей қойған жалаңаш, арық,
шарқ ұрар қанша шағала шабыт, —
тағдырым мені тірідей ғана
шыжғырып жатыр табаға салып!...
Тіресіп келем, күресіп көрем,
міз бағар емес сіресіп керең, —
...салдыр да күлдір сайтан арбаның,
соңынан қалмай... ілесіп келем!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бабадан қалған сөз мәні кеміп өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бабадан қалған сөз мәні кеміп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бабадан қалған сөз мәні кеміп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бабадан қалған сөз мәні кеміп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері