Өтірікші – Спандияр Көбеев

Бұл бетте «Өтірікші» атты Спандияр Көбеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2481
Бұл кезде атқа мінген жігіттердің,
Білмеймін шаһар халқын қырдағы елдің,
Жанымен пар өтірік бір қыссасы
Кім біледі қашан барып түзелерін.
Пайдасы өтіріктің, екі дүнияда
Болмайды деп бірнеше рет айтты молда,
Мендағы көргенімді тәржіме еттім,
Үлгі алар ғибратынан құрбыларға.
Мысалы, өтіріктен қанша пайда
Көрді екен Исін бала жүрген қойда,
Ауылдан бір шақырым жырақ емес,
Қой бағып тұрған сорлы бір тоғайда.
Ертеден іші пысып тұрған бала,
Әркімге болсын алла өзі пана.
Ауылды қорқытайын деді дағы,
Жүгіріп кетті Исін тұра сала.
Ентігіп екі иіннен демін алып,
Қотанда тұрды Исін айғай салып,
Тиді деп қойға қасқыр у-шу қылды,
Тыныш жатқан сол ауылдан зәрені алып.
Ауылдан үлкен-кіші, бала-шаға,
Ұмтылды не түскенін қолына ала.
Бірі кетпен бірі балта, бірі сойыл,
Бақан ап келе жатыр қатындар да.
Жүгіріп қойға келсе ешнәрсе жоқ,
Көреді жайылып жатқан жануарларды.
Шек-сілесі қатып Исін күліп жатыр,
Мәз болып жарым шіркін алдағанға.
Сол жерде Исінді ұрсып үлкендері,
Айтпа бұндай өтірік ендігәрі.
Сабауға таяп-таяп бала ғой деп,
Шіркінді аяды да кетті бәрі.
Артынан бірнеше күн өткеннен соң,
Алладан тағдыр уақыт жеткеннен соң,
Қойға кеп екі қасқыр тиді шынымен
Ойбай сап ұмтылмас па ауылға Исін.
Ауылдан сөзіне нанып, бұл жолы адам
Шықпады, жыласа да басып қадам.
Қайта ұрсып, кет, жоғал деп қуды өзің
Жүрсін,— деп,— алдайын деп одан жаман,
Тұра алмай ол ауылда сабыр тұтып,
Үмітін үзгеннен соң біраз күтіп,
Жүгіріп қойға келді еңіреумен
Зар қағып кідіре алмай қарар етіп,
Келсе Исін қойдың көбін қасқыр қырып,
Кетіпті оңашада жұрдай қылып.
Сол жерде не қыларын білмей қойшы,
Жылады кешке шейін иттей ұлып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтірікші өлеңінің авторы кім?

Спандияр Көбеев — осы өлеңнің авторы.

Өтірікші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтірікші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Спандияр Көбеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтірікші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері