...ға – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «...ға» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 997
Көркіңмен көзім тартып арбамашы!
Жанымның күші қайтып, жалыны өшкен.
Дариға! Басқа қыздың көз қарасы
Қанша жыл қарайлатып, тандырды естен!
Сол бір сәт көңіліме бекіп серттей,
Ұмыттым дүниені сол үшін де;
Жалғанды тәрк еткендей, ел ішінде
Қайыршы, қаңғып жүрмін жетімектей.
Жолаушы түнде солай қалбалақтап,
Қияннан қалса отты көзі шалып,
Жетем деп дедектейді... тайғанақтап.
Құлайды тұңғиыққа өзі барып!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері