Бір Аллаға сиындым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бір Аллаға сиындым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бұл дүние өтер-кетер қас қағым,
Асып-тасып, күпірлікке баспағын!
Ат мінсең де, тақ мінсең де, ағайын,
Бәрі жалған бір Алладан басқаның.

Қайырмасы:
Не жетеді жұрағат,
Нәпсіңізді тиғанға,
Құр қалдырмас Тәңірің
Құрметтен де, сыйдан да,
Бір Алланың сөзіне
Кәміл сеніп, илан да,
Болам десең, мұсылман
Арға жүгін, иманға!
А л л а һ у а к п а р !

Ағайынды, маңайыңды қадірле,
Қима бірін қиянатқа, жәбірге.
Көкірегің тұрады ылғи тазарып,
Шын көңілмен сиынсаңыз Тәңірге.

Қайырмасы

Бұл дүние бір орында тұрар ма,
Бәрі-бәрі жазулы тұр Құранда,
Жебей жүрсін періштелер әрдайым,
Демей жүрсін ар мен иман, бір Алла!

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір Аллаға сиындым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бір Аллаға сиындым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір Аллаға сиындым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір Аллаға сиындым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері