Әлихан ата – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Әлихан ата» атты Исраил Сапарбай жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 585
«Атаң жəйлі не білесің,
Айтшы, кəне?» десе Дала,
«Кірді емес пе менің есім, –
Дермін оған, – кеше ғана».
Өтсе өтер, өлмейді Уақыт,
Көрдің бе – Күн тағы шықты!
...Мен өмірге келмей жатып
Ол ажалмен алысыпты.
Бөктері көк, өткелі жоқ
Кешіп өтті өзендерді.
Өкпегі көп, көктемі жоқ
Кешті бастан кезеңдерді...
Дейді бір ой: «Уайымдама,
Жүдей берсек, не боламыз?»
Қабірі оның – сайын дала,
Мекені оның – Жер анамыз!
Түзер заман көш-көлігін,
Көңіл көкке тояды əлі.
...Кеудемдегі естелігім
Ұйқысынан оянады.
Мен де іздермін көңіл емін,
Көкке тігіп жанарымды.
Қайтпас қайсар өмірі оның –
Өле-өлгенше маған үлгі!
Қайдағымен ашына боп,
Қайда жүргем бұрындары?
Қарт Қаратал қасыма кеп
Құлағыма сыбырлады:
«Ұрпақты ұрпақ алмастырар,
Бұдан былай біл, қарағым:
Ата жолын жалғастырар
Сен де ұлысың бұл Даланың...»
Көңіл көптен алаң еді,
Қайтіп тағат табам енді?:
«Құлыным» деп Дала мені
Құшағына ала берді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлихан ата өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Әлихан ата өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлихан ата өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әлихан ата өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері