Қарағайға қарсы бұтақ біткенше – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қарағайға қарсы бұтақ біткенше» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 4450
«Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші...»
Зауалың бастан асты ғой,
Заманым, соны күтсейші?
Еменнің тегі – Емен де,
Қарағай тегі – Бəйтерек.
Шерлінің шегі шеменге
Айналып кетсе қайтер ек?
Иірдің аты иір ғой,
Қиынның аты қиын ғой.
Кешігіп келген бір бақыт
Кетер ме бізге бұйырмай?..
Соны ойлап басты зеңіттім,
Заңымен арғы затымның –
Шідерлеп атын Желіктің,
Күдерілеп атын Ақылдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері