Денсаулық жайы – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Денсаулық жайы» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1211
(Тілшілер хаттарынан)

Күн сылбыраң, жердің жүзі іріп тұр,
Қарлы жаңбыр бетке аралас ұрып тұр.
Ауыл үйлер шошалада, күн суық,
Жел де азынап аш қасқырдай ұлып түр.
Шымнан салған бір жаман үй — кім үйі?
Кетіктеніп құлауға тұр бүйірі,
Осы үйдің төбесінде түтін бар,
Бұл не екен?— Бұл ма,— бақсы жиыны!.
Бір қара ешкі әлдеқашан сойылды,
Балта жалап бақсы салды ойынды,
Шоқпыт сорлы «өкпе» менен ұрылған.
Сорпа-суын ішіп өзге тойынды.
Ел кедейі тымауратпай ж;үре ме?
Басы ауырса «бақсы!»— өзгені біле ме?
Осы күнде бақсылардың пышағы
Май үстінде, бұлар тыю көре ме?..
Бақсы емі одан жаман ауыртты,
Ауырудан Шоқпыт әлі қауіпті.
Бар бәйек боп жаны ашыған тілші еді,
Жазбай қойды, қайтсін жазып жалықты.
Горздрав, ел ішіне ем керек!
Бақсы, саған, емдеу емес, жем керек
Тілші, сендер бірер жазып жалықпа,
Жалыққанмен кедей керек ел керек!..

1925


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Денсаулық жайы өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Денсаулық жайы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Денсаулық жайы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Денсаулық жайы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері