Тағыда түн – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Тағыда түн» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тағыда түн…Тағы үнсіздік-тыныштық.
Күн етегін тартқылаған демі ыстық.
Біз екеуміз уәделі едік. Уәделі едік бұл кезге,
Бүгін біздер жүздесуге тырыстық.

Түн самайы сұрша бұлтқа жантайып,
Қалғиды аспан, шаршаған ба қартайып?
Арасынан жыртын-жыртын жарқ-жұрқ етіп, жымыңдап,
Мазаң кеткір жұлдыздар тұр сарғайып.

Ай жүзінен көрдім қыздың бейнесін,
Көлегейлі-күлгін киген жейдесі.
Алжығандай күбірлеймін өз-өзіммен ішімнен
Егіз жүрек жайы жайлы тілдесіп:

-Қыркүйектен күткен едік бір бақыт!
Өтті талай жалғыздықпен жаз уақыт.
Келем дедің кездесуге, сырың болса, неліктен?
Ауырттың-ау сағынышпен сыздатып!

Қызарады алғаш көрген жүзіңдей,
Күн-Шығыстан Күн атады күлімдей.
Ғашығымсыз тағы өтсе де, түні өтсе де өкінтіп.
Түннен-түнге күшееді үміттер.
Ержан Қабышұлы / Bura-Naiman


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағыда түн өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Тағыда түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағыда түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағыда түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар