Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа

Бұл бетте «Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 666
Біріңді бірің
Жетелегендей болып,
Біріңнен соң бірің
Кетіп қалғандарың-ай!
Қай бір күнде де
Қай бір кезде де
Мені іздеп
Мені күтіп
Өзегі талғандарым-ай!
Енді сендер жоқсыңдар!
Кішкентай кезімде
Қара суықтарда
Ықтасын болып
Қалқалап бағатын едіңдер.
Жер лайсаң,
Аласапыраңдарда
Мектепке дейін
Арқалап баратын едіңдер.
Енді сендер жоқсыңдар!
Қандай бір
Қатты болсам да
Сендердің құшақтарыңда
От тиген
Қорғасындай болып
Балқып кететін едім.
Қаншама
Жадап жүрсем де
Сендерді көріп
Шалқып кететін едім .
Енді сендер жоқсыңдар!
Біздерді
Қу тірлікке тастап
Қара жерге
Мәңгілік жайланғандарың-ай.
Әр көрген сайын
Жүрегі елжіреп,
Бауыры езіліп
Айналып-толғанатын,
Айналайындарым-ай.
Енді сендер жоқсыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері