Тумысынан жаныма азық гүлiм – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Тумысынан жаныма азық гүлiм» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 735
Тумысынан жаныма азық гүлiм,
Аңғалдығың қинайды, нəзiктiгiң.
Нəзiк гүлдiң тағдырын ойламасам,
Адам ата алдында жазықтымын.
Үйiрсектеп барамын күнде саған
жақын қандай жайлауы, iргесi аман.
Сен де əзiрге сырыңды сездiрмейсiң
кiмге жомарт көңiлiң, кiмге сараң.
Жүрегiмдi саф ауа, самалға орай
бiр бұла күш тартады саған қарай.
Шағалалы шалқар көл шақырғанда,
Шалқаюға келедi шамам қалай?
Əрi көшiп, айналған сары аңызға
əжептəуiр жылдар бар арамызда.
Сенi көрсе дүрсiлдеп қоя берер
жүрегiмдi қайтемiн алағызба?
Ес жиярлық десем де кезге жеттiм,
Мен бүгiнде өзiмнен өзгерекпiн
Өлiп-өшiп соншама қарайтындай
сенiң мойыл көзiңнен не iздемекпiн?
Тумысынан жаныма жақын гүлiм,
Сезсең еттi бiр сəтке ақын мұңын.
Тағдырыңды шешерлiк тəуекелге
жетпей жүр-ау сенiң де батылдығың,
Жетпей жүр-ау менiң де батылдығым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тумысынан жаныма азық гүлiм өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Тумысынан жаныма азық гүлiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тумысынан жаныма азық гүлiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тумысынан жаныма азық гүлiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері