Құлағанжар – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Құлағанжар» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 495
Бiр таудан ағып түскен құлап аңғар,
Ел оны атап кеткен «Құлағанжар».
Топталып тобылғы өскен маңайына,
Жан-жағы құба белдер...
құба адамдар...
Мұңлық тау не аңсады, не тiледi –
Бiр күнi жыртылыпты көкiрегi.
Әлде ол тек тау болып тұра алмайды,
Әлде ол өткенiне өкiнедi?..
Бұл да бiр таудың кешкен өмiрi едi,
Осы тау – жан дауасы, көңiл емi...
Иiр жол ауыл жаққа бұрылғанда,
Алдымен «Құлағанжар» көрiнедi.
Асығып, қауышпаққа қауымменен,
Бiр ысып, бiр суыйды тәнiң, денең.
Тау тұр ма, «Құлағанжар» орнында ма –
Ә, онда аман-сау ғой ауыл деген...
Шалы да, баласы да машықтанып,
Бұл таудан жатыр қанша асып халық...
Сол елдiң қасiретiн жатқан сынды,
«Құлағанжар» көшкiнi басып қалып.
Кие ғой «Құлағанжар», «Құлағанжар»,
Жан-жағы құба белдер...
құба адамдар...
Ей, тауым, естимiсiң? – мынау ұлың,
Бiртүрлi қимай жүрген бiр адам бар...
Не iстесем екен ендi, «Құлағанжар»?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлағанжар өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Құлағанжар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлағанжар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлағанжар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері