Бiр сәттiк қана торығу – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Бiр сәттiк қана торығу» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 661
Мәнiс кеттi.
Тiрлiктен мәнiс кеттi,
Мен аңсаған керемет алыс кеттi.
Бiрде қырға, бiрде ойға домалайды,
Менiң басым доп iспеттi.
Орындалмай жоспарым, ойлағаным,
Жiңiшкердiм,
күнде жүз қайраламын.
Бiр сәт әйтеу қояды алдандырып,
Қиялыммен ойнағаным.
Терiс тартып тiрлiгiм орамалын,
Киiп алған көзiне томаға күн.
Жалғыз жүрiп алыстап барлығынан,
Жалғыз жүрiп ораламын.
Сөйтсем-дағы жақсыдан үмiттiмiн,
Тек әзiрше бағымда сынық гүлiм.
Тәттi мұңға шомылып өтсiн мейлi,
Менiң жалын жiгiт күнiм.
Мың ойланып, берсе егер бiреу сыртын,
Тәлтiректеп, баса алмай жүр ем, шiркiн...
Кейiн осы мазасыз күндерiме
Аянышпен күлем, мүмкiн...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бiр сәттiк қана торығу өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Бiр сәттiк қана торығу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бiр сәттiк қана торығу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бiр сәттiк қана торығу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері