Қошақаным – Болат Үсенбаев

Бұл бетте «Қошақаным» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3731
- Қошақаным, дос едік,
Үйге алып барам көтеріп.
Суық тигізіп алдың ба,
Қалыпсың ғой жөтеліп.

Деме мені мынау кім,
Дәрісін іш тымаудың.
Жазылып-ақ кетесің
Емдегесін біраз күн.

Аямаймын көмекті,
Тауып берем қажетті, -
Дегенімде қошақан
Басын шұлғып мәз етті.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері