Бұл бетте «Гүл өсірдім бөлмеме» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көркі болған үйімнің,
Гүлді көрсем сүйіндім.
Қызыл, аппақ гүлдерім
Күнменен мың құбылдың.
Сол гүлдерден әртүрлі
Жұпар иіс аңқиды.
Гүлбағбан боп баптаумен
Өткіземін әр күнді.
Бабын тауып күткемін,
Арам шөбін үптедім.
Мезгілінде су құйып,
Қопсытамын түптерін.
Өсті гүлім найқалып,
Жапырағы жайқалып.
Биіктеді бойы да
Таң арайын қарсы алып.
Үлгі болып өзгеге,
Гүл өсірдім бөлмеме.
Сұлулықтың сыйлығын
Апарамын көрмеге.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі