Кілемді неге сабайды?
Бұл бетте «Кілемді неге сабайды?» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дұрыс па өзі мұнысы,
Жақпады ма бір ісі?
Сабап жатыр кілемді,
Тарылады тынысы.
Түзеледі ол қашан,
Қанша қақса - сонша шаң.
Таяқ жеумен өтеді
Осы кілем әрқашан.
Сабағанда жабыла
Бұрқ-бұрқ етер шаңы да.
Шаңнан қашып адамдар
Жоламайды маңына.
«Оны неге сабайды?» -
Деп Қанайбек қарайды.
Құрал оған жөн айтты
Көргендей-ақ талайды:
– Кінә өзіңде, есіңе ал,
Дәнеңе жоқ шошынар.
Шаңға аунамай жәй жүрсе
Сабап оны несі бар?!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі