Жексенбі күн
Бұл бетте «Жексенбі күн» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әкем кетті базарға,
Шешем жуды кір-қоңын.
Көмек беріп соларға
Томпаң қағып жүргенім.
Істер қамшы салдырмай,
Шаңсорғышты ағам ап.
Жерде қылпық қалдырмай
Шықты бәрін тазалап.
Жалтыратып айнадай
Жуды әпкем ыдысын.
Жарқырайды бар маңай,
Біледі әркім жұмысын.
Тәтті ұйқымнан оятты,
Мен де қарап тұрам ба?
Сүртіп ыдыс-аяқты,
Су құямын құманға.
Атты арайлап таңымыз,
Жексенбіде жұмыс көп.
Жұмылмасақ бәріміз
Береді оны кім істеп?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі