Айтқаныңыз болсын дедім – azik720

Бұл бетте «Айтқаныңыз болсын дедім» атты azik720 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айтқаныңыз болсын дедім,
Үндемейін.Үнсіз бе мұң?!
Сіз Жайықты жырлағанмен
Жүрек қоймас дүрсілдеуін.
Мендік көңіл қамығумен,
Өзіңізді сағынумен
Күндері өтер күнтізбенің.

Салсаңызда гүл тізбегін,
Ай мен жұлдыз,күлсін бе күн,
Сіз жаңбыр боп жыласаңыз
Ер болған соң күрсінбедім.
Сіз айтқан жас қонақтайды
Жанарыма үнсіз менің.

Жылауық бұлт дейсіз бе?
Қала ма әлде?!
Сізді ойлаумен жүремін жағалаумен.
Қолымда суреттегі жансыз бейне
Келемін төрт жыл бойы бағалаумен,
Сезім сонша тылсым ба едің?!

Айтканыңыз болсын дедім,
Үндемейін.Үнсіз бе мұң?!
Алматыда тұман дейсіз,
Бұл Жайықта күлсін бе күн?!
Кездесерміз әлі алда
Күрсінбейін.Күрсінбегін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар