Алуа
Бұл бетте «Алуа» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызылжар жерінде,
Көмілген қалың егінге —
Алуа адыры бар,
Алуа қабыры бар.
Қарашашты, салалы бұрымды,
Қарақат көзді қаралы сұлуды
Көнбеген соң кәрі шалдың жат пиғылына,
Байлап өлтірген ат құйрығына.
Жатыр әлі көңілде,
Қалай шығар
Қара күнді
Қанды сойылдар естен...
Алуа өлген жерінде
Ала шұбар
Бала бүрлі
Мойылдар өскен.
Сол мойылдар —
Махаббаттың талдары секілді,
Сол мойылдар —
Алуаның арманы секілді.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі