Өтепберген – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Өтепберген» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2107
Раушан атқан таңның жарығындай,
Өткір тіл Дағыстанның шарығындай.
Жауапқа қалап айтқан тілім тәтті,
Кәусардың ағып жатқан арығындай.

Алтын да алтын, мыс та алтын, қола да алтын,
Көңілмен толтырғанмен, бола ма алтын?
Жақсының бір мінезі осындайда,
Жүзіктей қолға салған оралатын.

Жау тонаса, жарымас жарғақтыға,
Ғазиз айтсам жарасар салмақтыға.
Бозбала, саған айтқан өсиетім:
Жолама сасық қолтық күн қақтыға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтепберген өлеңінің авторы кім?

Әсет Найманбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Өтепберген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтепберген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әсет Найманбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтепберген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері