Құлазып жатыр құм дала – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Құлазып жатыр құм дала» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1315
Құлазып жатыр құм дала,
құба жондардан көш өтпей.
Жусаны солған жылға да
қызуы кеткен төсектей.
Қаздар да қайтты шет жерге
көлдерге қонбай жазы ұшқан.
Қош-қошын айтып бөктерге
қанатын бұлғап алыстан.
Төсінде гүл де жоқ бүгін
даланы басқан қыш қайғы.
Өткізген барлық от күнін
баласыз әйелге ұқсайды.
Гүріл жоқ, үн жоқ, даланың
асфальты да жоқ шарлаған.
Шолады көкті жанарың
тыныштық-ау деп бар ғалам.
Талықсып кенет тарады үн
маужырап тұрған шақты үзіп,
көгілдір көктің ажарын
тілгілеп өтті ақ сызық...
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлазып жатыр құм дала өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Құлазып жатыр құм дала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлазып жатыр құм дала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Құлазып жатыр құм дала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері