Бұл бетте «Алматының оттары» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(әні бар)
Алматы әсем әуен, жыр елісің,
Елімнің өмір сүрген тілегі үшін.
Алмасы күн көзіндей алаулаған,
Сен бүгін Алатаудың жүрегісің.
Тауларымның соқпағы,
Арманымның ақ таңы.
Шақырады күлімдеп –
Алматының оттары.
Арқалы Алатауым, асыл әнім,
Атыңа қайда жүрсем бас ұрамын.
Балқашқа қосылатын Жетісудай,
Жеткенше мен өзіңе асығамын.
Ер қалам! Даңқың әлі көкке өрлейді,
Жанымды көк орманың көп тербейді.
Жеріне қасиетті Алматының –
«Ақ – Нары Райымбектің шөккен» - дейді.
Алматы, қандай ыстық атың маған,
Жұлдыздай алыстап бір жақындаған.
Достықтың шаңырағын аспандатқан,
Ғажайып ақын қалам, батыр қалам.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі