Па, шiркiн, биiң қандай, биiң қандай?! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Па, шiркiн, биiң қандай, биiң қандай?!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Па, шiркiн, биiң қандай, биiң қандай?!
Ыстық қан ындыныма құйылғандай.
Сыймайтын сахнаға сылаң қағып,
Сыған да құдайына сиынғандай.
Қайталап қас-қабақпен əн ырғағын,
Мақаммен майда, мəйiн мамырладың,
Қунайды құлыншақтай құрғыр көңiл,
Тулайды тыным таппай тамырда ағын...
Есенин есi кеткен Дункансың ба?
Еркiмдi ес жидырмай құртарсың ба?
Қан қызыл кеседегi шарап болсаң,
Қайран-ай,
қалмас едi-ау бiр тамшың да!
...Тағы да босап қалды тостағаным,
Тап содан табылмай тұр басқа амалым.
Көмкерiп жан сарайын сала берер
Төңкерiп тана көздi тастағаның!
Мың мақам жайылғандай мұқым баққа,
Мысықкөз мияулайды мықын жақта...
Көгiлдiр көбелегiм көзден ұшып,
Көңiлдiң көмейiнде жұтылмақ па?
Илiгiп иегiңмен ым қаққанда,
Ұқсаймын перi соғып, жын қаққанға.
Қапысыз қанжығамды қандар ма едiм,
Қалқам-ай, түсер болсаң шындап қолға!..
Билешi,
Бұлаңдашы,
Сылаңдашы,
Қанғанша қу құлқынның құмар, хошы.
Сиқырлы сазға елiткен, назға елiткен
Iнiне қайта кiрсiн жылан басы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Па, шiркiн, биiң қандай, биiң қандай?! өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Па, шiркiн, биiң қандай, биiң қандай?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Па, шiркiн, биiң қандай, биiң қандай?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Па, шiркiн, биiң қандай, биiң қандай?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері