Мен үшiн жаралғаның анық екен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен үшiн жаралғаның анық екен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Мен үшiн жаралғаның анық екен,
Өзгенiң əнi бөтен, жаны бөтен.
Тəуекел қайығына бiрге мiнсең,
Аман-сау от пен судан алып өтем.
Бiр мiнсек тəуекелдiң қайығына,
Бата алмас ешкiм бiздi айыруға.
Аңдыған адам болса соңымыздан,
Ат-шапан төлер ме едiм айыбына.
Белгiлi сенi ешкiмге қия алмасым,
Берiлiп кетсем, кешiр, қиялға шын...
Əзiрге қол жетпестей биiктесiң,
Əзiрге көз жетпестей қияндасың.
«Ештен кеш жақсы екенiн» бiлсең еттi,
Кiм сүйiп, менен бұрын кiм сенi өптi?
«Күнiм!» – деп күрсiне бiр тiл қатқанда
Күлiмдеп құшағыма кiрсең еттi.
Мен үшiн жаралғаның айдан анық!
Айымды қайымдаған қай қара бұлт?
Теуекел кемесiне бiрге мiнсек,
Кiм бiлсiн, тоқтарымыз қайда барып...
Мен үшiн жаралғаның анық екен!
Өзгенiң əнi бөтен, сəнi бөтен.
Көз жұмып,
Көңiлiңдi берсең маған –
Аялап алақанға салып өтем!..
Мен үшiн жаралғаның анық екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен үшiн жаралғаның анық екен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мен үшiн жаралғаның анық екен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен үшiн жаралғаның анық екен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен үшiн жаралғаның анық екен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері