Алакүлік – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Алакүлік» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 961
Хақтан да қаймықпайтын Алакүлік,
Қақпаңда – қабаған ит, қара құлып.
Сен жүрсің ойнастан да олжа тауып,
Мен жүрмін Айлы аспанға қарап ұлып.
Амал не жүріп тұрса сенің құның,
Амал не құрып тұрса менің күнім.
Түркі емес,
Түлкілердің заманында
Түсініп жатыр дейсің кебімді кім?..
Халыққа да,
Жақпақсың ханыңа да,
Əрі дара,
Болғансып əрі дана.
Жер-жаһанды,
Шайтанға мініп алып,
Жеті айналсам, сендей жан табыла ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алакүлік өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Алакүлік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алакүлік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алакүлік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері