Шындық – жүрек – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Шындық – жүрек» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған шындық туралы өлең берілген.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1184
Шындық – сұмдық қаталсың да қаттысың,
Шындық – сұмдық ащысың да тәттісің.
Тусың – шындық.
Символсың сен, шарттысың,
Шынсың – шындық,
Сондықтан да нақтысың.
Шындық іздеу, шындық табу мәңгі арман,
Адамзатқа мәңгі мұрат сол болған.
Шындық үшін адамды адам алдаған,
Алдаған да, алдай алмай алданған.
Шындық күшін шама-күш жоқ өлшеуге,
Оны жүрек соғуымен мөлшерле!
Шындық – сәуле, көре алмауың да мүмкін
Шындық үшін құрбан болып өлсең де.
Шындық – жүрек, соғуынан танисың,
Дана – жүрек, сен алдында сәбисің.
Жүрегіңді қолыңа ұстай алмайтын
Табиғаттың заңы тастай, налисың...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері