Саусағыма ілінді бұрым-бұлақ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Саусағыма ілінді бұрым-бұлақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 612
Саусағыма ілінді бұрым-бұлақ...
Үнің де ұнап барады, түрің де ұнап.
Құрдымыңа, құдай-ау, қашан жетем?
Ұрым алыс болғанда, Қырым жырақ.
Үкі көздің көргенде үркінгенін,
Шыбын жанын үйірер, шіркін, көңіл.
Найсап нəпсі...мазалы мəйшат көңіл...
Аз емес пе?
Жете ме бір түнге бұл?
Төсек анау – құс жастық, мамық көрпе.
Түн тұңғиық,
Таң ұзақ,
Жарық та ерте.
Мезі қылған мезгілге керегім не?
Мен осында қаламын!
Қамықпа, ерке...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саусағыма ілінді бұрым-бұлақ өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Саусағыма ілінді бұрым-бұлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саусағыма ілінді бұрым-бұлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саусағыма ілінді бұрым-бұлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері