Апырай, мен бұл күнге қалай келдім? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Апырай, мен бұл күнге қалай келдім?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 931
Апырай, мен бұл күнге қалай келдім?
Тағдырдың тауқыметін талай көрдім...
Тірсегін қақпан қиған қасқырдайын
Жарасын жүрегімнің жалай бердім.
Апырай, мен бұл күнге қалай келдім? –
Самсаған шамдалдары Сарайға ендім.
Сарбаздай сап түзеген сансыз күнді
Сардардай саусақ бүгіп санай бердім.
Санда бар, санатта жоқ сол күндерді
Көңілден қайта өткізіп көргім келді.
Желігін жел кеулеген жезөкшедей
Дүние көрген сайын көлгірленді.
Басы ма, кім біледі, егделіктің,
Жасы ма жоқ əлде бұл пенделіктің.
Жапаннан жан сауғалар жай таппаған
Жай-күйін сезгендеймін енді Еліктің.
Апырай, мен бұл күнге қалай жеткем?
Өтіпті-ау талай жаз бен талай көктем...
Түндігін көңілімнің түріп қойдым
Қиылып қарай ма деп жаңа Ай көктен.
Апырай, мен бұл күнге қалай жеткем?
Ақ қырау қонып жатыр самайға еппен...
Пердесін тереземнің айқара аштым
Таң күліп қарай ма деп тағы əйнектен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апырай, мен бұл күнге қалай келдім? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Апырай, мен бұл күнге қалай келдім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апырай, мен бұл күнге қалай келдім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апырай, мен бұл күнге қалай келдім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері