Әлемде жоқ бала
Бұл бетте «Әлемде жоқ бала» атты Оразақын Асқар жазған бала туралы өлең берілген.
Ажар келіп ауладан
Мәз боп бізге қарады,
– Тура Арайдан аумаған
Көрдім, – деп, – бір баланы.
«Мұның қалай?» дегендей,
Арай кенет бұртиды.
Қалды да ана елеңдей
Деді: «Саған кім тиді?»
Қайталады анасы:
– Айт жазасын берем, – деп.
Таңдандырды баласы:
– Барлығы да сенен, – деп.
– Мен жазып ем саған не? –
Деп анасы ойланды...
– Сендей бала әлемде
Жоқ, – дейтінің қайда әлгі?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі