Заманмен диалог – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Заманмен диалог» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1986
Адам кейде албырт та алаңғасар,
Айдай жолда қияс бір қадам басар.
Адам – кеуде жоқ шығар жарақатсыз,
Қияс қадам кейде бір жараңды ашар.
«Әмән нашар болғам ба, әмәнда осал»
Деген бір ой сезімге қамал жасар.
Өзіңді өзің алдымен жегідей жеп,
Ақтарылғың келеді Заманға сәл.
– Жолдас Заман, Мен саған Замандаспын,
Сан мүдіріп, сүрініп қадам бастым.
Зымырансың, жылдамсың, кешір мені,
Мен сенімен зымырап аға алмаспын.
Ырза емеспін өйткені кей күніме,
Мырза емеспін өйткені ой гүліне.
Кеше мені бір шаттық шарықтатып,
Бүгін бір мұң көгендеп қойды, міне.
Күйбең тірлік шеңберге сыймай кейде,
Кеткеніммен, шаңырақ, үй-жай менде.
Алдымдағы күндерге асықсам да,
Қарайлаймын артыма қимай кейде.
Өкінемін. Өлердей сан соғамын,
Өкінішке қасарсып қарсы ағамын.
Жолдас Заман, бойымнан зая кетті
Саған берер қанша күш, қанша жалын.
Қуанамын жүрегім жарылардай,
Қуаныштың кеудемде таңы бардай.
Жолдас Заман, келеді таңым менің,
Таланттыдай талантсыз таныла алмай.
Өкініш пен қуаныш...
Бұларға мен
«Өзімсіңдер» деп ылғи ұрандап ем.
Мен солармен жүргенде қоян-қолтық,
Жолдас Заман, өзгермей тұрар ма әлем?..
Жолдас Заман!
Сондықтан мына мен де
Болармын бір күйкі жан, сірә, пенде.
Кеудемдегі жарам сол, сенен бөлек
Болған күндер, құнын сен сұра, терге!
– Жоқ, Замандас, шын жылап, шын қуансаң,
Сезіміңді өзіңе ту қыла алсаң,
Өмір бойы игеріп үлгіре алмас
Жүрегіңді таусылмас тың қыла алсаң,
Жаңа Адамсың, сен мәңгі жас Адамсың
Армандайтын Азамзат – күллі жайсаң.
Соны аңғардым мен сенің лебізіңнен,
Мықты адамдар уақыттан, тегі бізден.
Сан заманды есейтіп келесіңдер
Қуаныш, қайғы сөлін емізумен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заманмен диалог өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Заманмен диалог өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заманмен диалог өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заманмен диалог өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері