Соғыс жылы Көкшетауда

Бұл бетте «Соғыс жылы Көкшетауда» атты Cырбай Мәуленов жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3168
Қасымда Нұрқан бар еді,
Көкшетау басы қар еді-
Есіме сол күн түседі,
Қылшылдап тұрған қыс еді...
Есілдің бойын жағалап,
Жөнелдік елді аралап.
Соғыс та ол кез бітпеген,
Жылытты жұртты отты өлең.
Қолында Нұрқан домбыра,
Соқты көп өлең желпініп.
Қанатын күйге малды да,
Құлағын түрді ел тұнып.
Сайрады шешен домбыра,
Төгілді мөлдір жыр кәусәр.
Болды ол елдің алдында
Ақан сері, Біржан сал.
Есілді сонда Есілдей,
Өршеленіп Нұрекең.
Ағылып көл-көсірдей,
Жая берді жыр өркен.
Қасымда Нұрқан бар еді,
Көкшетау басы қар еді.
Қылшылдап тұрған қыс еді,
Есіме сол күн түседі.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соғыс жылы Көкшетауда өлеңінің авторы кім?

Cырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Соғыс жылы Көкшетауда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соғыс жылы Көкшетауда өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Соғыс жылы Көкшетауда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері