Ақиқатты соттау – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ақиқатты соттау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 732
Сүттей аппақ,
Сәуледей нұрлы Ақиқат
Қамауға түсті.
... Сол кезде
Әне бір оңбаған
Мас болып
Елтаңбаны былғап,
Жалауға құсты...
Бірақ оған —
Мынаусы сұмдық қой! – деп
Ешкім де мән бермеді.
(Өйткені жұрттың
Ол бір сәтте
Ары мен намысы
Өлген еді).
Бәрі жабылып
Ақиқатты ортаға ап
Сабап жатты:
Қолын қайырып сабады,
Жағын айырып сабады,
Жындай құтырып сабады,
Терісін сыпырып сабады.
Бірақ Ақиқат,
Тұла бойынан
Қып-қызыл қан
Сорғалап тұрса да,
Айтқанынан қайтпай қойды.
Күткен сөздерін
Айтпай қойды.
Сонда да – Оған! –
Сүйрелеп апарып
Соттың алдында
Жала жапты...
... Қанаттарын
Өрт шарпыған,
Көздерінен
Жас сорғалаған
Аппақ періштелер
Осы бір елден –
Сыңсып жылап! –
Безіп бара жатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақиқатты соттау өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ақиқатты соттау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақиқатты соттау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақиқатты соттау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері