Ұнатып едім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұнатып едім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Мен сені ұнатып едім,
Ең биік мұратым едің.
Сол сырды мен білдіре алмай,
Сен сезбей тұратын едің.
Құрбымнан көз алмайтынсың,
Мәніңді ұғатын едім.
Онымен киноға кетіп,
Сан кештер жылатып едің.
Уақыт зымырап етті,
Кеп арман қош айтты, кетті...
Көл көңіл толқып, басылып,
Салмақты сабыр кеп жетті.
Бүгін кеп ақтарылдың,
Өзіңді шақ таныдым.
Сен сөйлеп, мен ойлап тұрмын:
«Не күйде қалдырдың екен,
Құрбанын қақпаныңның...».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұнатып едім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұнатып едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұнатып едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұнатып едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері